Жаңалықтар

«Волонтерлар  жылына» орай  аудандық Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының мамандарымен бірге колледждің белсенді волонтерлары  Ш.Сатаев,А.Бекмағамбетова және А.Қойшыбай колледждің 1-курс студенттерімен кездесу өткізіп,волонтерлардың мақсаты,олардың қатарын көбейту мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

27.02.2020 ж күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының және Ақтөбе көлік ,коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің  арасында «Жаңа формация студенті» тақырыбында өткізілген кәсіби байқауға өндіріс шебері Ж.Сәрсембаева мен арнаулы пән оқытушысы Ж.Қойшығұловтың жетекшілігімен колледждің 3-курс студенттері М.Өтемісұлы, А.Бекмағамбетова және М.Баймурзин қатысып, «Бас жүлдеге» ие болды.

27.02.2020 ж күні колледж әдіскері А.Ахметованың және тәрбие ісінің орынбасары  С.Елькееваның  ұйымдастыруымен «Кім мықты?» интелектуалдық ойыны өткізілді.

Қандыағаш өнеркәсіптік –экономикалық колледжінде ұжым мүшелерінің және колледж студенттерінің қатысуымен «Құқықтық сауаттандыру» тақырыбында кездесу өткізілді.

13.02.2020 ж. күні Қандыағаш өнеркәсіптік экономикалық колледжінде КСРО әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ерлік-ұрпақ ұраны» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.